КӘСІПТІК ОҚУ ҮРДІСІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУЫ
Мақсаты:
· білім беру үрдісінде студенттер мен студенттік топтарды психологиялық-педагогикалық қолдау, психологиялық қауіпсіздік пен сенімділікті арттыру, студенттердің әлеуметтік бейімделу жағдайын қалыптастыру.
· колледждегі оқу үрдісінің сапасын жақсартуға ықпал ететін және оның әр субъектісінің жеке әлеуетін ашуға бағытталған әлеуметтік-психологиялық жағдайларды қамтамасыз ету.
Міндеттері:
· студенттердің дамуы, тәрбиеленуі және әлеуметтенуі мәселелерінің алдын-алу;
· оқу орнына бейімделу және тұрақты әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету;
· оқушылардың, ата-аналардың және мұғалімдердің психологиялық мәдениетін қалыптастыру;
· әлеуметтік құбылыстардың алдын алу шараларын күшейту;
· тиімді технологияларды дамыту және студенттерге педагогикалық қолдау;
· қиын өмірлік жағдайдағы, оның ішінде әлеуметтік немесе психологиялық проблемаларға тап болған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге психологиялық қолдау көрсету.
I. Диагностикалық жұмыс
Мақсаты: студенттердің психикалық жағдайын анықтау, олардың колледждегі өмірге бейімделуін дамыту.
II. Түзету және алдын – алу жұмыстары
Мақсаты: студенттердің психологиялық және тұлғалық дамуындағы ауытқулардың алдын алу.
III. Кеңес беру жұмысы
Мақсаты: Колледж қызметкерлері мен студенттеріне оқу үрдісінде кездесетін қиындықтарды жеңуге көмектесу.
ІҮ. Тәрбие және алдын алу жұмыстары
Мақсаты: студенттердің тұлғалық, әлеуметтік, шығармашылық және кәсіби дамуындағы сәтсіздік қаупінің алдын алу
Кері байланыс:
· Колледжде студенттермен кері байланыс орнату үшін белсенді «Сенім жәшігі» бар.
· Сенім телефоны: + 7 778 112 4599
· Педагог – психолог: Жангирбаева Айнагуль Мухтархановна