Алматы қаласы Білім басқармасының
«Алматы технологиялық колледжі» КМҚК-де
ақылы негізде оқуға қабылдау тәртібі
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы №578 бұйрығы) сәйкес әзірленді.
1.2. Осы Тәртіп Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы технологиялық колледжі» КМҚК-де техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша азаматтарды ақылы негізде оқуға қабылдау рәсімін реттейді.
1.3. Ақылы негізде қабылдау колледждің қабылдау жоспарына және оқу орнының жобалық қуаттылығын ескере отырып жүзеге асырылады.
2. Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру
2.1. Ақылы негізде оқуға қабылдау колледждің қабылдау комиссиясы арқылы білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде жүзеге асырылады: ағымдағы жылдың 25 маусымынан 28 тамызына дейін.
2.2. Талапкер (немесе талапкер кәмелетке толмаған жағдайда оның заңды өкілі) қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:
ü белгіленген үлгідегі қабылдау туралы өтініш;
ü білім туралы құжат (түпнұсқа);
ü жеке басын куәландыратын құжат (көшірме);
ü 075-У нысанындағы медициналық анықтама;
ü 3×4 көлеміндегі фотосуреттер;
ü басқа да құжаттар (ерекше жағдайлардың бар екенін растайтын).
2.3. Құжаттар өтініштерді тіркеу журналында және/немесе қабылдаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі.
3. Құжаттарды қарау және шешім қабылдау
3.1. Қабылдау комиссиясы ұсынылған құжаттарды таңдалған мамандық талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
3.2. Егер өтініштер саны жоспарланған орындар санынан асып кеткен жағдайда, қабылдау белгіленген критерийлерге сәйкес конкурстық негізде жүргізіледі.
3.3. Ақылы бөлімге қабылдау талапкермен таңдалған мамандық бойынша кәсіби бейімділігін анықтау мақсатында өткізілетін әңгімелесу негізінде жүзеге асырылады.
3.4. Қабылдау комиссиясының шешімі комиссия отырысының хаттамасымен рәсімделеді.
4. Ақылы негізде оқуға қабылдау
4.1. Ақылы негізде оқуға қабылдаудың негіздері:
· әңгімелесуден сәтті өту;
· қабылдау комиссиясының шешімі;
· бос орындардың болуы;
· білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың жасалуы;
· оқу ақысын төлеуді растау (шартқа сәйкес бірінші төлем — 50%, ағымдағы жылдың 29 тамызына дейін).
4.2. Жоғарыда көрсетілген талаптар орындалғаннан кейін колледж директоры ақылы негізде оқуға қабылдау туралы бұйрық шығарады.
5. Шарт жасасу және оқу ақысын төлеу
5.1. Ақылы оқуға қабылданған тұлғамен (немесе кәмелетке толмаған жағдайда оның заңды өкілімен) білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт жасалады.
5.2. Шартта келесі мәліметтер көрсетіледі:
· білім беру бағдарламасының атауы;
· оқу мерзімі;
· оқу құны;
· төлем жасау тәртібі мен мерзімдері;
· тараптардың құқықтары мен міндеттері;
· шартты бұзу шарттары.
5.3. Төлем шарт талаптарына сәйкес жүргізіледі. Төлем фактісі төлем құжатымен расталады.
5.4. Оқу ақысы бөліп төленеді:
ü 1-төлем — 50%, ағымдағы жылдың 29 тамызына дейін;
ü 2-төлем — қалған 50%, 20 желтоқсанға дейін;
ü келесі оқу жылдарында да оқу ақысы екі бөлікпен төленеді:
ü оқу жылы басталғанға дейін — 50%,
ü 20 желтоқсанға дейін — 50%.
5.5. Төлем шарттарын бұзған тұлғаға төлем мерзімдерін көрсете отырып ескерту хабарламасы жіберіледі. Қайта бұзған жағдайда студент колледж студенттері қатарынан шығарылуы мүмкін.
6. Қорытынды ережелер
6.1. Осы Тәртіп колледж директорының бұйрығымен күшіне енеді.
6.2. Осы Тәртіпке өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістер негізінде енгізіледі.