ЗакрытьРедактировать


Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
"Алматы техникалык колледжі" КМҚК
Алматы қаласы Білім басқармасы

Колледж Білім алушыларының ар-намысы
КОДЕКСІ
АТК колледжінің білім алушылары техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің басты мақсатын іске асыру – дүниетанымдық әлеуеті, креативті ойлау қабілеті және мамандығы бойынша тұрақты құзыреттіліктері бар кәсіби және мәдени тұлғаны даярлау үшін өздерінің жауапкершілігін сезіне отырып, осы АР-НАМЫС КОДЕКСІН ҚАБЫЛДАЙДЫ.
АТК колледжінің білім алушылары міндетті:
1) инженерлік-оқытушылық құрамға, қызметкерлерге, басқа да білім алушыларға өзара сыпайылық пен құрмет қағидаларын сақтауға;
2) оқу процесінің кестесін қатаң сақтауға. Оқу сабақтарына қатуға,жұмыс оқу жоспарында және білім беру бағдарламаларында қарастрылған тапсырмалардың барлық түрлерін белгіленген мерзімде орындауға міндетті. Оқушы оқуда жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін қолынан келгеннің бәрін жасауы керек;
3) тәртіпті, ұқыпты киіну. Оқу корпустарында, жиналыстарда сыртқы киімде жүруге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. Колледж білім алушыларының бөтеннің мүлкін ұрлау, мас күйінде болу, спирттік ішімдіктерді ішу, ғимаратта, колледж аумағында темекі шегу сияқты әрекеттеріне жол берілмейді. Оқу ғимараттарында қатты сөйлесуге, шу шығаруға және оқу процесіне кедергі келтіретін басқа да әрекеттерге тыйым салынады. Сабақтар арасындағы үзіліс кезінде оқушылар белгіленген орындарда демалады. Сабақта және кітапханада ұялы телефонмен сөйлесу, шайнау, интимдік сезімдерді және импульстарды көрсету этикалық нормаларға мүлдем қайшы келеді;
4) колледж мүлкіне ұқыптылықпен қарауға: оқу ғимараттарындағы, зертханалар ғимараттарындағы жиһаздар мен басқа да жабдықтарға зақым келтірмеуге, үстелдерде, парталарда және де басқа жерлерде жазулар жазбауға міндетті. Студент колледждің кітапхана қорын ұқыпты пайдалануға міндетті;
5) басқа студенттерге ілтипаттылық пен әдептілік таныту, бір-бірімен әңгімелесуде басқа студенттердің кәсіби немесе адами қасиеттерін көпшілік алдында сынауға жол берілмейді.
6) оқытушының талаптарын орындауға, жұмыстың барлық түрлерін өз бетінше орындауға және оларды оқытушыға белгіленген мерзімде тапсыру керек;
7) ағымдағы, аралық, қорытынды бақылаудың әртүрлі түрлерінен тапсырмаларын орындау кезінде көшіруге және алын-ала жазылған жауаптарды пайдалануға қатаң тыйым салынады;
8) өзіңіздің жұмысыңызды өзге білім алушыларға көшіруге ұсынуға қатаң тыйым салынады;
9) өзге білім алушының жұмысын өз жұмысы ретінде ұсынуға қатаң тыйым салынады;
10) оқу процесі кезінде тәртіпті бұзбауға, басқа білім алушыларды сабақ өтуіне бөгет жасамауына;
11) жеке, туыстық немесе қызметтік байланыстарды пайдаланбауға, басқа білім алушылармен салыстырғанда оқуда артықшылықтар алу үшін оқытушылар мен әкімшілікке пара ұсынбауға міндетті.

АТК студенттеріне арналған этикалық нормалар мен мінез-құлық ережелері:
        1. Өзара сыйластық
        2. Адалдық
        3. Тәртіп
        4. Ұқыптылық
        5. Белсенді болу
        6. Сыпайлылық
        7. Жауапкершлік

Студенттер арасындағы қарым-қатынас, колледж әкімшілігімен, оқытушылармен және өндірістік оқыту шеберлерімен өзара түсіністік, көмек, сенім, ынтымақтастық қарым-қатынастар негізінде құрылады.